Положение олимпиады им. Абая Кунанбаева

«Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп...»

Общая информация

Администрация и педагогический коллектив ГУ «Школа-лицей № 8 для одаренных детей» города Павлодара ходатайствует о выставлении  на сайте РУМЦДО «Ертісдарыны» и доведении до сведения школ информации о проведении I Олимпиады имени Абая Кунанбаева «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп...» для учащихся 5-9 классов.

В 2020-2021 учебном году мы планируем провести дистанционную олимпиаду для учащихся 5-9 классов для школ с русским языком обучения (количество участников от каждой параллели – 1 учащийся).

Сроки проведения:

I Олимпиада имени Абая Кунанбаева  «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп...» для учащихся 5-9 классов проводится на онлайн-платформе GoogleForms с применением системы прокторинга в два тура:

  • 1 тур – 1 марта 2021 года в форме тестирования – с 14.00 до 14.45 часов (45 минут), для каждой параллели будет отправлена отдельная ссылка;

  • 2 тур – 10 марта 2021 года проходят учащиеся, набравшие высокие баллы в 1 туре. Форма проведения – участник должен произвести запись чтения стихотворения Абая в собственном исполнении и отправить на электронную почту abai@lizey8.kz до 10 марта 2021 года.

Результаты 1 тура будут опубликованы 5 марта 2021 года на онлайн-платформе olymp.lizey8.kz

1 марта 2021 года, с 13.00 до 13.40 часов – открытие I Олимпиады имени Абая Кунанбаева «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп...» для учащихся 5-9 классов в прямом эфире Инстаграма ГУ «Школа-лицей № 8 для одаренных детей» города Павлодара @lyceum.8.

Регистрация на Олимпиаду проводится на онлайн-платформе olymp.lizey8.kz

Рассылка логинов для зарегистрированных участников - за час до начала Олимпиады.

Регистрация на олимпиаду заканчивается 26 февраля  2021  года в 20.00 часов.

Адрес оргкомитета: 140000, г.Павлодар, ул.Астана, 12,  тел. 87774491292,  E-mail: olymp@lizey8.kz

І. Жалпы ереже

Қазақ  әдебиеті пәнінен орыс тілінде оқытылатын мектептердің

5-9 сынып оқушылары арасында өткізілетін «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп...» атты Абай Құнанбаев атындағы І Олимпиадасының (бұдан әрі – Олимпиада) Ережесі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы ұлттық бірегейлікті сақтау идеясын жүзеге асыру және ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында Павлодар қаласы «Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебі» ММ әзірленген.

Олимпиаданың негізгі мақсаты:оқушыларды Абайдың шығармашылық өмірінен ғибрат алып, өмірде қолдануға бағыттау, олардың тұлғалық сезім мәдениетін,зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту, дарынды оқушыларды анықтау, дамыту және қолдау.

Олимпиаданың негізгі міндеттері:балаларды Абай өлеңдерінің мән-маңызы мен қадір-қасиетін түсінуге, қара сөздерінің тәрбиелік-тағылымдық маңызын меңгеруге, Абайша ойлауға ұмтылуға, сөйлеу мәдениетін жетілдіруге, тіл тазалығын сақтауға дағдылану мен күнделікті өмірде қолдануға бейімдеу.

 

ІІ. Олимпиаданың жұмыс органы

Олимпиаданы үйлестіру, дайындау мен өткізу жұмысын жүзеге асыру үшін Павлодар қаласы дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдерінен ұйымдастыру комитеті құрылады.

Ұйымдастыру комитеті:

- олимпиадаға жалпы жетекшілік етеді;

- олимпиада қазылар алқасының құрамы бойынша ұсыныстар енгізеді;

- олимпиаданың қорытындысын сараптайды және таратады;

- олимпиада кезеңдерінің жүлдегерлер тізімін бекіту үшін ұсынады;

- жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды;

- қатысушылар рейтингісін анықтау үшін қазылар алқасы құрылады: әр сынып бойынша 3 адамнан кем болмау қажет.

Қазылар алқасы:

- жұмыстарды тексереді және бағалайды;

- жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды.

 

III.Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібі

Олимпиадаға орыс тілінде оқытылатын мектептердің 5-9-сынып оқушылары қатысады.

Олимпиада қашықтан 2 кезең бойынша өткізіледі.

І кезең– 2021 жылғы 1 наурыздасағат 14.00-ден 14.45-ке дейін:Абай Құнанбаевтың өміріне, шығармашылығына байланысты тест сұрақтарын орындау, сілтеме арқылы жүргізіледі. Олимпиада логины тіркелген қатысушыларға бір сағат бұрын таратылады. І  кезең қорытындысы 5 наурызда olymp.lizey8.kz онлайн платформасында жарияланады.

ІІ кезең – 2021 жылғы 10 наурызда.Бұл кезеңге І кезеңде 15 сұраққа дұрыс жауап берген оқушылар өтеді.Абай Құнанбаевтың шығармасын мәнерлеп оқу. Қойылатын талаптар:оқушы өзі таңдаған 1 шығарманы мәнерлеп оқып, видеожазбасын(көлемі 3 минут)көрсетілген электрондық поштаға 10 наурызға дейін жіберуі тиіс.

ІV.Олимпиадаға қатысу үшін техникалық талаптар

1. Үздіксіз жоғары жылдамдықтағы Интернетке қосылған және ZOOM платформасы орнатылған компьютер/ноутбук/моноблок (2 Мбит/с төмен емес) болуы міндетті.

2. Сымды webкамера (камера кабелінің ұзындығы кемінде 1 м және сапасы кемінде HD 720р; егер webкамера болмаса, трансляциялауға арналған құрылғы немесе смартфон); қатысушыны бақылау үшін камера оқушының сол жағында 1-ден 1,5 метрге дейінгі қашықтықта және 1,3 м биіктікте орналасуы керек; ноутбукқа немесе моноблокқа орнатылған камераларын вебкамера ретінде қолдануға болмайды, себебі қатысушы толық барланбайды.

3. Орнатылған немесе сыртқы видеокамера; микрофон;құлаққаптардың болуы.

 

V. Қорытындылау және марапаттау

Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Павлодар қаласы дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің дипломдарымен марапатталады.