Олимпиада им. Никитенко по математике

В.П.Никитенкоға арналған онкүндік: математикалық турнирі

Бүгін, 2019 жылғы 19 қазанда Павлодар қ. «Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебі» ММ-де лицей негізін қалаушы және бірінші директоры В.П.Никитенкоға арналған онкүндік аясында 4, 5, 6 сынып оқушылары арасында математикалық турнир өткізілді.  Турнир мақсаты – математикалық қабілеттері бар 4-6 сынып дарынды оқушыларын анықтау, қолдау және дамыту. Шараға Павлодар облысы жалпы білім беру және мамандандырылған мектептерінің 31 команда құрамында 93 оқушы қатысып, күрделі математикалық есептер шешуде бақ сынасты: 10 команда – қазақ тілінде, 21 команда – орыс тілінде оқытылатын мектептен. Турнир қатысушыларында есеп шешімдерін қорғауда қазақ немесе орыс тілін таңдау мүмкіндігі болды. Турнир 3 тур бойынша өткізілді: «Әу, баста!» (командалық), «Асық» (ауызша-командалық), «Бәйге» (ауызша-жеке). Шараның ұйымдастыруы мен өткізуіне әкімшілік пен мұғалімдер қатарында математика пәнінен облыстық резервіндегі лицеистер белсенді қатысты. Жас талантты математиктер өзге мектептердің пән саласындағы ең дарынды оқушыларымен шығармашылық қарым-қатынас мүмкіндігіне, ерекше бейқалыпты есеп шешу тәжірибесіне ие болды.

Әр есептің шешуін әділ қазылар алқасы бағалады. Қазылар алқасы Турнир жұмысына қатысып, қолдау көрсеткен аудандық, қалалық және облыстық мектептері математика пәні мұғалімдерінің қатарынан құралды.


Декада памяти В.П.Никитенко: Турнир по математике Сегодня, 19 октября 2019 года, в ГУ «Школа-лицей № 8 для одаренных детей» города Павлодара в рамках Декады памяти В.П.Никитенко, основателя и первого директора лицея, прошел Турнир по математике для учащихся 4, 5, 6 классов. Цель Турнира - выявление, поддержка и развитие одаренных учащихся 4-6 классов с математическими способностями. В Турнире приняли участие 93 учащихся из общеобразовательных и специализированных школ Павлодарской области. 31 команда попробовала свои силы в решении сложных математических задач: 10 команд - школы с казахским языком обучения, 21 команда – школы с русским языком обучения. Таким образом, участники Турнира могли выбрать язык – казахский или русский - для защиты и решения задач. Турнир проводился в 3 тура: «Әу, баста!» (командный), «Асык» (устно-командный) и «Байга» (устно-личный). Наряду с администрацией и учителями, в организации и проведении Турнира приняли активное участие лицеисты, олимпийский резерв Павлодарской области по предмету «Математика». Юные талантливые математики получили возможность творческого общения с наиболее одаренными учащимися в области математики из других школ, приобрели опыт решения нестандартных задач. Решение каждой задачи оценивало строгое, но справедливое жюри. Состав жюри был расширен благодаря помощи и поддержке учителей математики районных, городских и областных школ, принявших участие в работе Турнира.



Просмотров: 29